АСТАНА. KAZINFORM — Ұлы мемлекеттік Хуралдың пленарлық отырысында Моңғолия мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау бекітілді. Бұл келісім бұрын баж салынып келген 367 тауарды кедендік бажсыз экспорттауға мүмкіндік береді.