Аустралия полициясы: Сиднейдегі лаңкестердің әкесі мен баласы екені анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Сиднейде 15 адам қаза тауып, 40 адам жараланған терактіні жасаған қылмыскерлер әкелі-балалы болып шықты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты полициясының комиссары Мал Лэньон мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі .