Еліміздің бірнеше облысында автокөлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 03:00-ден бастап үш облыстағы автожолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.