АСТАНА. KAZINFORM — 14 желтоқсан күні Колумбияның солтүстігіндегі ауылдық жерде мектеп автобусы 80 метрлік жартастан құлап, салдарынан 17 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды. Бұл туралы жексенбі күні кешке жергілікті губернатор хабарлады, деп жазды Reuters агенттігі .