Келешек мектебінде алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық дзюдо федерациясы, Дзюдо федерациясы және Астанадағы «Жеңіс» дзюдо клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында Астана қаласындағы № 45-ші Келешек мектебінде оқушыларға арналған ең алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды.