«Таза Қазақстан»: Облыс әкімі жаңа қоқыс шығару техникаларымен танысты
АҚТАУ. KAZINFORM — Бүгін, 15 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданында «Zero Waste Aktau» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару үшін арналған жаңа арнайы техникаларының таныстырылымына қатысты.