Бүгін – Тәуелсіздік қалпына келген күн

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің қалпына келтірілгеніне 34 жыл толып отыр. Бұл тарихи кезең Қазақ хандығының дербес мемлекет болған дәуірінен бастап, XX ғасырдағы тәуелсіздікке талпыныстар арқылы жалғасқан ұзақ тарихи жолдың заңды жалғасы еді. Бүгінгі материалда осы уақыт аралығында елдің дербестігі қаншалықты баянды бола түсті деген сұраққа жауап іздейміз.