АСТАНА. KAZINFORM – Астық экспорттаушылар биылдан бастап жаңа өнімнен жиналған бидайды шетелге жөнелте алады. Бұл 2026 жылдың басында көлік шығындарының бір бөлігін мемлекеттен субсидия ретінде қайтарып алуға мүмкіндік береді. Келесі жылы астық тасымалын қолдауға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды АШМ.