АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысы Бозой ауылының тұрғыны Амандық Дощанов үш рет прокуратураға өтініш жазған. Үшінші өтініші ғана қанағаттандырылып, «қуғын-сүргін құрбаны болып танылды» деген бір ауыз сөз жазылған тілдей анықтаманы алды. Бұл — Желтоқсан оқиғасына қатысып, қайта-қайта тергеуде болған ақтөбелік үшін ең құнды құжат. Амандық Дощанов Kazinform тілшісіне бастан кешкен екі күннің және тергеуде жүрген бірнеше айдың тарихын айтып берді.