«GULDER» ансамблі Малайзиядағы халықаралық фестивальде өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «GULDER» ансамблі Малайзияда өткен «ASEAN 2025» халықаралық музыкалық-мәдени фестивалі аясында өнер көрсетті. Бұл туралы Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.