АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін сағат 9:00–де Үкімет отырысы өтеді. Онда Министрлер кабинетінің мүшелері 2025 жылғы қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын және республикалық бюджеттің атқарылу барысын талқылайды.Ал отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысып, БАҚ өкілдері тарапынан туындай сауалдарға жауап береді.