Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.