Тәуелсіздік күнінде 7 егіз дүниеге келді

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 сәби, оның ішінде 7 егіз дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.