Энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

АСТАНА.KAZINFORM — Энергетик күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Президенті атынан кәсіби мерекесімен құттықтап, сала қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.