АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18-20 желтоқсанға жоспарланған Жапонияға ресми сапары қарсаңында осы елдің Қазақстандағы елшісі Ясумаса Ииджима Kazinform агенттігіне эксклюзив сұхбат берді. Онда дипломат екіжақты ынтымақтастық, «Орта дәлізді» дамыту, бизнес бастамалар, Каспий теңізінің экологиялық мәселесі және ядролық қарусыздану бойынша бірлескен күш-жігер туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Токионың стратегиялық жоспарында Қазақстан рөлінің артуына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.