Алматы әкімдігі мердігерлерге аванс беруді тоқтатты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға аванстық төлем беруді тоқтату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұдан былай келісімшарт бойынша төлем тек нақты орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша беріледі.