АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен сауда саласындағы жаңа ережелер енгізілді. Енді әр тауар үшін бір ғана баға көрсетіледі, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесіне жасырын төлемдер қосуға тыйым салынады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі жазды.