Антониу Гутерриш: Йеменде жағдай ушығып, халық ауыр зардап шегіп отыр

АСТАНА.KAZINFORM — Йемендегі шиеленіс күшейіп келеді, ал соңғы оқиғалар жағдайдың одан әрі ушығуы мен елдің бөлшектену қаупін арттырып отыр. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йоркте Қауіпсіздік Кеңесіне Йемендегі жағдай жөнінде өткізген брифингінен кейін журналистерге айтты, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтары .