Атырауда 3 мыңнан астам шетелдік нөмір таққан автокөлік айып тұрағына қойылған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жыл басынан бері Атырау облысында айыппұл берешегі бар 3 138 шетелдік нөмірлі автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің процессинг орталығының бастығы Жеңіс Дәулетов мәлімдеді.