ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру) айыпталған, деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.