ШҚО-да 320 млн теңге жымқыру ісі: экс-басшылар 7 жылға сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Өскемен қаласында «ШҚО мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы Батырбаев Д. Б. және басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын жымқыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптау үкімі шығарылды.