Жедел штаб құрылды: жарықсыз қалған Қаражалда не болып жатыр

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — ҚАРАЖАЛ. KAZINFORM – Қаражал қаласында электрмен жабдықтау жүйесіндегі апат салдарынан тұрғындар екінші тәулік қатарынан жарықсыз отыр. Апат жүздеген тұрғын үй мен бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысын шектеді. Ұлытау облысы әкімдігі жағдайды бақылауға алып, апат салдарын жою үшін жедел штаб құрылғанын мәлімдеді.