Ермегияевтен Есполовқа дейін: ЭКСПО ісіндегі құпия қашан ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – 5 эпизод пен 500 томнан тұратын ЭКСПО ісі әлі ел есінде. Ұлттық компанияның бюджетiнен қомақты қаржы ұрланды, ал бұрынғы басшы Талғат Ермегияев 14 жылға сотталды. Дегенмен, ол жақында аппеляцияға жүгінді. Енді қоғам алдында сұрақ туындайды. Ермегияев әділетсіз үкімнің құрбаны ма, әлде ірі көлемде пара алған тойымсыз шенеунік пе? Jibek Joly арнасындағы «Правда в деталях» бағдарламасы осы шиеленісті тарқатты.