Финляндияда сиыр еті рекордтық деңгейде қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Финляндияда сиыр етінің көтерме бағасы тарихи ең жоғары деңгейге жетті. соңғы бір жылда сиыр етінің тұтас ұшасының бағасы шамамен 25 пайызға өскен. Бағаның күрт қымбаттауына Еуропа нарығындағы сиыр еті бағасының өсуі, ел ішіндегі өндірістің қысқаруы және тірі малдың шетелге экспортталуы негізгі себеп болып отыр, деп жазды Азертадж .