АСТАНА. KAZINFORM – Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.