Қазақстан мен Жапония ғылым, білім саласында бірқатар келісім жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірқатар кездесу өткізіп, ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған келісімдерге қол қойды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.