АСТАНА. KAZINFORM — Желтоқсанның ортасында әлемдік ақпарат құралдары Қазақстандағы бірнеше маңызды оқиғаны кеңінен жариялады. Солардың ішінде медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заңның қабылдануы, мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлікке қатысты шектеулердің жеңілдетілуі, мұнай өндірісі мен экспорттағы рекордтық көрсеткіштер, балалар мен жасөспірімдерді зиянды ақпараттан қорғау үшін ЛГБТ насихатына тыйым салу, сондай-ақ әлемге танымал боксшы Геннадий Головкиннің халықаралық бокс даңқ залына енуі ерекше орын алған.