Жапон технологиясы, Smart city және университеттер филиалы: Токио Астанаға қандай уәде берді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мемлекет басшысының Жапонияға жасаған ресми сапары мәресіне жетті. Бұл жай ғана формалды сапар емес, екі елдің келешек қарым-қатынасын айшықтаған маңызды бастама болды. Ресми қабылдаулар деңгейі, ауқымды экономикалық келісімдер, жоғары деңгейдегі келіссөздер – бәрі қазақ-жапон байланысының жаңа дәуірі басталғанын көрсеткендей. Осы орайда Kazinform-ның аналитикалық шолушысы үш күндегі елеулі оқиғаларға қатысты сарапшылар пікірін біліп, қос ел қабылдаған шешімнің астарына үңілді.