Президент 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады.