Заңсыз қазбадан заңға дейін: Археология саласы қалай реттеледі

АСТАНА. KAZINFORM – Археология саласындағы жүйесіздік әлі де сақталып отыр. Олқылықтарды жою мақсатында Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдады . Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы құжаттың ұлттық мұраға ықпалы мен салаға әкелетін өзгерістерін сарапшылармен бірге жан-жақты талдады.