Сауд Арабиясында 2025 жылы өлім жазасына кесу саны рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Британдық Reprieve құқық қорғау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері Сауд Арабиясында кемінде 347 адам өлім жазасына кесілген. Бұл көрсеткіш 2024 жылы тіркелген бұрынғы рекордтан (345 адам) асып түсті, деп жазды DW .