ХҒС ғарышкері стансада «түн» қанша уақытқа созылатынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық ғарыш стансасындағы (ХҒС) ТАСС-тың арнайы тілшісі, «Роскосмос» ғарышкері Сергей Кудь-Сверчков Жердің Солтүстік жарты шарындағы жылдың ең ұзақ түні кезінде түсірілген кадрларды көрсетті. Оның айтуынша, орбитада «түн» бар болғаны 40 минутқа ғана созылады.