АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Даму бағдарламасының су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық кеңесшісі Хьюберт Лор Қазақстанның су саласын цифрландыру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады. Сарапшы, әсіресе, елімізде су ресурстарын басқаруды жаңғырту қарқынын атап өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.