Архив ісі кез келген мемлекет үшін стратегиялық тұрғыдан өте маңызды — Балаева

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін ел тарихын сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып жүрген архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева архив қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.