Әскери тәжірибесі бар азаматтар резервтік қызметке шақырылып жатыр
ТАРАЗ. KAZINFORM — Жамбыл облысында резервтегі әскери қызметті іс жүзінде енгізу басталды. Жергілікті әскери басқару органдары негізгі еңбек қызметінен қол үзбей жаңа форматта қызмет етуге дайын азаматтарды қабылдауды бастады.