Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз позициясын нығайтып келеді. Беделді халықаралық Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізді. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» мәлім етті.