358 млн теңге: Атырауда бюджет қаржысын игеруде заңбұзушылық болған

KAZINFORM. АТЫРАУ — Облысқа қарасты Исатай ауданында екінші жартыжылдықта мемлекеттік сатып алу саласында ірі көлемдегі заң бұзушылықтар тіркелді. Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген камералдық бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 358,2 млн. теңгені құрайтын ереже бұзу деректері анықталып, оларды жою жөнінде 58 хабарлама жолданды.