Биыл мәдениет саласында қандай айтулы оқиғалар болды

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Қазақстаның мәдениет саласындағы жетістіктері айтарлықтай көп болды. Бейжің қаласында Қазақстанның мәдениет орталығы ашылды. Орталық өнер, тіл және мәдени алмасуға және еліміздің мұрасын таныстыруға арналған ең ірі алаңға айналды. Орталық 2000-нан астам адамды қабылдап үлгерді. Мәдениет алаңы көрме, білім беру және ағартушылық бағытта жұмыс істейді. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстанның мәдени дипломатиясын нығайту жөніндегі тапсырмаларына толық сай келеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.