54 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

АСТАНА. KAZINFORM — 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.