АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық Сотқа азаматтың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-1-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 39-бабы 2-тармағының, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 84-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті. Бұл туралы Конституциялық Соттың баспасөз қызметі мәлім етті.