АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жыл өнер саласы үшін әлемдік деңгейдегі айтулы оқиғамен басталды. Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт берді. Мыңдаған аудиторияны жинаған бұл концерт қазақ өнерінің әлемге танылуына себеп болды. Сонымен қатар 2025 жыл жас өнерпаздар үшін де жемісті кезең болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.