Яна Легкодимованы өлтіргендер сотқа апелляциялық шағым түсірді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовтың адвокаттарынан апелляциялық шағым түсірген. Бұл ақпаратты Kazinform тілшісіне Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады.