Павлодар облысында мектеп оқушыларына вейп сатқан топ ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.