Астана 2026 жылы өтетін Болашақ ойындарының эстафетасын қабылдады

АБ-ДАБИ. KAZINFORM — БАӘ астанасында спортты, цифрлық технологияларды және инновациялық шешімдерді бір алаңға тоғыстырған The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған жарыстың нәтижесінде 2026 жылы Астанада Болашақ ойындарын өткізетін Қазақстанға эстафета салтанатты түрде табысталды.