Қазақстан 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекітті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 желтоқсанда 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын айқындайтын бұйрыққа қол қойды.