Қытай балабақша төлемдерінің бірыңғай ережелерін енгізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай билігі балабақша төлемақысын өндіріп алудың жаңартылған ережелерін бекітті, олар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді . Жаңа саясат отбасыларға түсетін қаржылық ауыртпалықты азайтуға, төлем жүйесін ашық етуге және мемлекеттің тууды ынталандыру бойынша шараларын қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.