Тоқаев ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке аймақ әкімдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.