Автосақтандыру құнының өсуі: жүргізушілер не ұтады, неден ұтылады

АСТАНА.KAZINFORM – Көлік жүргізушілерін алаңдатқан өзекті тақырыптың бірі – автосақтандыру жүйесі. Мәжілісте автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы көлемін арттыруды көздейтін жаңа бастама талқыланып жатыр. Осыған байланысты тәуелсіз автосарапшы Санат Нұрбай ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен ықтимал салдарын түсіндірді.