Астанада Қазақстан музейлерінің бірыңғай цифрлық жүйесі таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық музейінде E-museum порталының презентациясы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.