2036 жылға қарай «Роскосмос» айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

МӘСКЕУ.KAZINFORM - «Роскосмос» 2036 жылға дейін Ресейдің айдағы электр станциясын құру бойынша жұмыстарды орындау үшін Лавочкин атындағы ҒӨБ-мен мемлекеттік келісімшарт жасасқаны туралы мәлімдеді. Келісімшартты іске асыру мерзімі – 2025-2036 жылдар, деп хабарлайды агенттіктің меншікті тілшісі.